Тарих пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру

2022 жылдың қазан айының 17 жұлдызында «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Қуанышбек Гульмира Еламанқызы, Естемирова Алия Махатовна жоспарға сай “Тарих пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру” тақырыбында облыстық шебер сынып ұйымдастырды. Мақсаты: Талдау стратегияларын ұсыну арқылы тарих пәні мұғалімдерінің талдау жасау дағдыларын дамыту. Оқушыларда тарихи ойлау мен тарихи сана қалыптасыруда педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Шебер сынып барысында тарих пәні мұғалімдеріне кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында оқу қызметтерінің құрлымынан үзінділер, талдау жасау дағдыларын дамытуға, бағдарламаға сәйкес тиімді инновациялық технологияларды енгізу жолдарын көрсетті. Шебер сыныпқа аудан аралық 29 тыңдаушы қатысты және нәтижесінде қатысушылар тәжірибие бөлісе отырып, шебер сынып жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанына алғыс білдірді. Бүгінгі күні кәсіби шеберлік, кез-келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным дей отырып жалғасын тапты.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар