Сарысу ауданының тарих пәні мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарында оқуын жалғастыруда. Курс бағдарламасы тарих пәнінен күрделі тақырыптар бойынша теориялық, практикалық және әдістемелік дағдыларды кеңейтуге бағытталған. Курс аясында мұғалімдер нормативті-құқықтық құжаттарды біріктіру, диагностикалық тестілеу, интерактивті сабақтар бойынша тапсырмаларды орындайды. Барлық сабақтар жаңа технологиялар арсеналының көмегімен өткізіледі. Білім беру бағдарламасы тарихи ойлауды қалыптастыруға, тарихи оқиғаларды бағалауға және пәндік құзыреттіліктерді жетілдіруге бағытталған.
