Тарих пәні мұғалімдеріне арналған вебинар өтті

      Еліміздің әр өңірінде «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. 4 ақпан күні Оралдағы «Өрлеу» филиалында тарих пәні мұғалімдеріне арналған онлайн вебинар өтті. Бұл шара педагогтерді курстан кейінгі қолдау бағытында ұйымдастырылып, «Тарих сабағында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәнмәтінінде түсіндіру, дәлелдеу және сұрақтар қою әдістері арқылы тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбында болды.

   Вебинарды Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушысы Гүлдана Тасқалиева жүргізді. Әдістемелік шараның практикалық бөлімінде мұғалімдер тарих сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін тапсырмаларды әзірлеу әдістемесін анықтады. «Миға шабуыл» әдісімен жеке жұмыс жүргізіліп, талқылауға арналған сұрақтар қойылды. Практикалық бөлімде білім алушылардың өз пікірлерін дәлелдеуі үшін топтық жұмыстар ұйымдастырылды.

    Мақсатты мектеп педагогтерін курстан кейінгі қолдауға бағытталған шаралар жыл бойы жалғасады. Бұл жобаның мақсаты – мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыру және оқушыларға сапалы білім беру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Жоба аясында өткізілген курстар мен вебинарлар педагогтердің біліктілігін көтеруге, сондай-ақ оқу процесін жақсартуға бағытталған.

     Осылайша, «943 – елдегі мақсатты мектептерді дамыту» жобасы білім беру сапасын арттыруға және барлық оқушылар үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар