Тарих пәні мұғалімдеріне арналған фейл-вебинарлар керуені қорытындыланды

13-16 қаңтар аралығында тарих пәнінен курстан өткен тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау аясында «Тарих пәнін оқыту мен оқудағы қиындықтар: себептері, шешу жолдары» тақырыбында фейл-вебинарлар (онлайн) керуені өткізілді. 4 күнге жоспарланған керуен жұмысына 149 педагог тартылды.

Биылғы керуен жұмысының өзгешелігі педагогтерге PISA аясындағы оқу сауаттылығының 1-6 деңгей тапсырмаларының мәні, жасалу жолдары, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы орны туралы кең мағлұмат беріліп, тәжірибелеріне енгізу тетіктері ұсынылды.

Вебинар модераторы Раушан Мәрсәлінің жетекшілігімен қатысушылар курстан кейінгі жетістіктермен және қордаланып отырған олқылықтарды, проблемаларды ортаға салып, «Лотос гүлі» әдісімен талдап, «Болғаны жөн. Міндетті. Болмайды» тәсілімен түйіндеді. Сонымен бірге вебинар барысында білім алушылардың оқуға қызығушылығын арттырудағы жаңа инновациялық әдістер ұсынылып, оларды жүргізу алгоритмі қолданыла отырып, пысықталды.

Педагогтің кәсіби шеберлігін, зерттеушілік, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге бағытталған курстан кейінгі сүйемелдеу шаралары жыл соңына дейін жалғасады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар