«Өрлеу-Ақтөбе» институты мен «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия» КММ арасындағы тығыз байланыс биылғы оқу жылында да өз жалғасын табуда.
“Тарих сабағында тиімді оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер”айдарымен басталып кеткен әдістемелік күндер мақсаты: 2022 жылғы тамыз айында тарих пәнінен мемлекеттік қаржы есебінен өткізілген курс тыңдаушыларының курстан кейінгі қолдау және мұғалімдердің курс кезінде игерген білімдерін тәжірибеде қолдануды жүзеге асыру.
Әдістемелік күн 5 қазан күні ашылып , курста біліктілігін көтерген Зеип Аманжол Маратұлы “Қазақстан территориясындағы металлургияның пайда болуы” тақырыбында өткізілген 5 “Б” сыныбындағы сабағы және Қанапин Бекзат Оразұлының “Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты” тақырыбында 7 “А” сыныптарындағы сабақтары сонымен қатар Абдрахманова Гүлбадан Дәулетқызының “Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті” тақырыбындағы 10 “Ә” сыныбы, Кушкарбаева Алтын Оразаевнаның 5 “Ә” сыныбындағы, 5 “Ғ” сыныбындағы “Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері”, Хожамуратова Камила Азатбаевнаның 6 “Ә” сыныбындағы “Қимақ қағанаты”, Сартаева Гулмира Кайргалиевналардың “Қазақстан территориясындағы металлургияның пайда болуы тақырыптарындағы 5 “Ә” сыныптарындағы сабақтары оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін тәжірибе жүзінде шыңдаудың келелі көрінісі болды.




