2023 жылдың 16-17 ақпан күндері төрт жақты меморандумды іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысы Г. А. Сарсенгалиева, Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Д. У. Жаманбаева, “Ақтөбе-Өрлеу” филиалының әдіскерлері Л.Ж. Ермекбаева, М.Т. Адилханова, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскерлері А.А. Аскербекова, С.Ж.Мажитова, С.Б.Байдуашевалар Темір ауданына «Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында әдістемелік десант ұйымдастырды.
Десанттық топ мүшелері Темір ауданының Кенқияқ ЖББОМ, Саркөл ОМ, Шұбарши ЖББОМ-ның педагогтерімен, ата-аналар қоғамдастығымен кездесіп, білім беру ұйымдарының жағдайын зерделеп, туындаған сұрақтарға жауап беріп, қауырт мәселелерге жедел көмек берді.
Білім берудегі проблемалық аймақтарды анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Кеңқияқ ЖОББМ-да әдіскер, магистр Л.Ж.Ермекбаева «Оқушылардың функционалдық сауаттылық және креативті ойлауын қалыптастыру»атты семинар ұйымдастырып, кәсіби қолдау жасады, пікір алмасты. Сондай-ақ Темір ауданы, №3 Шұбарқұдық ЖОББМ базасында десанттық топ мүшесі, бас әдіскер, магистр М.Т.Адилханова өткізген «Педагогикалық қызметтегі soft skills: кәсіби маманның тәжірибесі» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинарға аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлері, білім беру ұйымдарының орынбасарлары, педагогтер қатысты.
Семинар аясында қазіргі білім беру жағдайында педагогикалық қызметтегі әдістемелік мәселелер қарастырылып, оларды шешуде педагогтерге ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетілді. Білім беру процесінде оқушылардың soft skills дағдыларын дамытудың әдіс-тәсілдері зерделенді. Десанттық топ жұмысын 17 ақпан күні де жалғастырады. Жеке қабылдаулар, кездесулер т.б. өткізіледі.


