Бүгін «Өрлеу» Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен республикалық онлайн конференция өтті. Әдістемелік шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, курстан кейінгі қолдау және үздік тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыруға бағытталды. Шебер ұстаздар авторлық бағдарламаларын ұсынып, пәндік, әдістемелік ізденістерімен бөлісті.
Конференция жұмысына Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облысы және Шымкент қаласының үздік педагогтері мен филиал директорлары, қызметкерлері қатысты. Конференция модераторы – филология ғылымдарының кандидаты Жанар Аманжолқызы Исаева.
Өрлеудің оңтүстік филиалдары педагогтердің кәсіби деңгейін дамыту жұмыстарын жыл бойы жалғастыратын болады.


