Теория мен практиканы ұштастырған көшпелі тәжіриебелік сабақ

“Өрлеу” БАҰО” АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ҚДИ жұмыс жоспарына сай 22.04.-03.05.2024ж. аралығында “Тарих және құқық негіздері пәндерін оқытудың инновациялық әдістері ” тақырыбындағы тарих пәні мұғалімдеріне арналған біліктілігін арттыру курсы Түркістан облысы, Жетісай ауданы, №13 Н.Төреқұлов атындағы жом базасында өтуде. Курс тыңдаушылары Жетісай ауданы №1 М.Горький атындағы мектеп-гимназиясына көшпелі тәжірибелік сабақтарға қатысты. Алдымен мектептің тарих пәні бірлестігі ұйымдастырған аудандық семинардың ашылуын тамашалап, көрме жұмыстары таныстырылды. Теория мен практиканы ұштастырған бүгінгі іс-шара барысында Жетісай аудандық білім бөлімінің әдіскері Б.Нұрасаров сөз сөйлеп, ұстаздарды мол тәжірибе алмасуға шақырды. КТС барысында тарих пәнінен заманауи онлайн платформалармен өткен сабақтар, пән мұғалімдерінің кәсіби шеберліктерін дамытуға бағытталған шебер-сыныптар өте жоғары дәрежеде өтті. Біз өз қоржынымызға өте көп іс-тәжірибе мен идеялар жинадық. Оқушылардың біліміне тәнті болған ұстаздар сабақ өткізген мұғалімдер мен білім алушыларға ыстық лебіздерін білдірді.Курс жетекшісі: Матекова Б.Т.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар