Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясында: «Біз қазіргі заманның жаңаша талаптары мен үрдістеріне әрқашан сай болуымыз керек» деген болатын. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі – өсіп келе жатқан тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз.2023 жылдың 09.10-20.10 аралағында біліктілік арттыру курсынан өтіп жатқан Шымкент қаласының биологтары А.Асқаров атындағы Мемлекеттік дендробаққа теория мен тәжірибені ұштастыру мақсатында экскурсия жасады. Экскурсия барысында температурының фотосинтез процесінің жылдамдығына әсері қандай? Ағаштар қыстың күні қалай тыныс алады? Оқушылардың бойында экологиялық сауаттылықты қалай дамытамыз? Оқушыларға зерттеу жұмыстары не береді? Оқушылар қандай дағдыларды меңгереді? деген сұрақтар талқыланды. Экскурсия барысында оқытушылар өзара тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік алды.Қатысушылардан алынған кері байланыс нәтижелері мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде жүйелі ойлау амалдарын қолдану бағытында көптеген жаңа ақпараттармен қамтылғандығы туралы қорытынды шығаруға көмектесті.Экскурсия соңында тыңдаушылардың нақты мәселелер бойынша көзқарастары мен ұсыныстарын ортаға салып, тың иедяларымен бөлісті.Аға оқытушы Л.Медетова

- 18 Окт
- 2023