17 ақпан күні «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасы пән мұғалімдерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, тәжірибемен бөлісу мақсатында Шымкент қаласы, №124 жалпы орта білім беретін мектеп базасында «Теория мен тәжірибенің ұштасуы» тақырыбында десант сабақ өткізді. Десант сабаққа Түркістан облысы және Шымкент қаласы мектептерінің пән мұғалімдері қатысып, өз тәжірибесі негізінде шебер-сынып жүргізді:
1. Бейсеева Молдир Болатказиевна – орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі;
2. Әлайдарқызы Гүлнар – қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі;
3. Сагимбаева Нагима Курбанбаевна – физика пәні мұғалімі;
4. Пазылбекова Светлана Ниязбеккызы – тарих пәні мұғалімі;
5. Махкамов Адхам Октамович – информатика пәні мұғалімі
Әрбір жүргізілген шебер-сыныпқа пән бойынша басқа да педагогтер қатысып, тәжірибе алмасып, пікірталас жүргізіп, өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік алды.