Теория мен тәжірибе үндестігі: мұғалімдердің кәсіби дамуы мен рухани тәрбиенің сабақтастығы

2025 жылдың 21 сәуірі мен 2 мамыры аралығында ұйымдастырылған «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқу сауаттылығы дағдыларын пәнаралық контексте дамыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсының төртінші күні мазмұнды да әсерлі сәттерге толы болды.

Аталған курс қазақ тілді емес жалпы орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған.

Курс барысында теорияны тәжірибемен ұштастыру мақсатында курс тренері Жангабулова Анар Асылханқызының басшылығымен тыңдаушылар «Academy of Golden Kids» ЖШС ұйымдастырған «Біртұтас тәрбиесіндегі отбасы құндылықтары» атты қалалық тәжірибелік семинарға қатысты.

Семинар аясында қатысушылар үшін мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда:

Ашық тәрбие сағаттары, онда оқушылардың отбасы құндылықтарына деген көзқарасы мен тәрбиесі көрініс тапты;

Коучинг-сессиялар, мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, отбасылық тәрбие мен құндылықтар мәселесіне тереңірек үңілуге мүмкіндік жасады;

Сайыс сабақтар, білім алушылардың белсенділігін арттырып, пәнаралық байланыстар арқылы оқу үдерісін байытты;

Спорттық сайыстар, қатысушылардың бірлігі мен серіктестігін нығайтып, тәрбиелік маңызы зор шара ретінде есте қалды.

Бұл тәжірибелік семинар курс тыңдаушылары үшін тек теориялық білімді тәжірибеде қолдану алаңы ғана емес, сонымен қатар заманауи тәрбие үрдісіндегі отбасылық құндылықтардың маңызын ұғынуға, әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға зор мүмкіндік берді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар