Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогы

27 қыркүйек күні «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы мен Ақтөбе облыстық білім басқармасымен бірлескен жоспарына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа формациядағы педагогы» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар өтті.
Семинарда білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында пәндерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер, студенттердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруда дебат технологиясы, заманауи педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытудағы АКТ рөлі, болашақ педагог- тәрбиеші маман даярлаудағы жаңашылдықтар, білім беру үрдісінде дуальді оқыту мәселелері қарастырылды.
Тәжірибелік бөлімде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтары- Р.А.Сарбасова, Н.Ш.Курманбаева /АГК/, С.С.Бикешева /АГУ Тарлан Ақтөбе көпсалалы колледжі/, Г.А.Жалмагамбетова /Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі/, Г.Ж.Баянтаева /Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжі/, К.Б.Махатова /Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі/, М.К.Есетова /Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі/ озық іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Іс-шараға қатысушылар рефлексия бөлімінде семинарда талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, «Өрлеу» – Ақтөбе институтына, семинар модераторы, бас әдіскер, магистр М.Т.Адилхановаға алғысын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар