Технологиялық тәсіл негізінде сабақты жобалау

Ағымдағы жылдың мамыр айында «Жамбыл облысы Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушылары Жұлдыз Кошербаева, Кунсулу Таукебаева Жамбыл ауданы, Түркісіб ауылы,  №6 мектеп гимназиясында «Технологиялық тәсіл негізінде сабақты жобалау және дарынды оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу» тақырыбында семинар өткізді. Мақсаты: қысқа мерзімді жоспарды және зерттеушілік іс-әрекеттерін тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастыру. Семинар барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығымен бекітілген қысқа мерзімді жоспарды оқыту процесінде тиімді жоспарлау,  ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, зерттеу мәселесін тұжырымдау, гипотеза, болжамдарды  және эксперименттік тексеруді жүргізу  жолдары түсіндірілді. Семинар соңында қатысушыларға тиімді кері байланыс беріліп, ұсыныстары тыңдалды. Алдағы уақытта әдістемелік көмек көрсету жалғасын табады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар