Тиімді кәсіби кездесу

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филилы Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының қызметкерлері  а.ж. 29 ақпан күні Тараз қаласы, №30 Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназия базасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті төрағасы Жұмашев Қаныбек Бекболатұлының қатысуымен өткен кездесуде болды. 

Кездесу аясында  «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасында көзделген  тапсырмалардың орындалуы туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Досыбаева жан-жақты талдау жасап баяндады.

Сонымен қатар «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы» №83 бұйрыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шарада облыс көлемінде құрылған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен айналысатын Жұмысшы тобы мүшелері және аудандық/қалалық білім бөлімі басшылары мен әдістемелік кабинет меңгерушілері, басқа да педагог қызметкерлер қатысып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, ой-пікір бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар