Тиімді оқыту мен оқу

«Өрлеу Шымкент» және Орта Азиялық инновациялық университетінің бірлескен іс-шара жоспарына сәйкес “Тиімді оқыту мен оқу» тақырыбында университет базасында шебер-сынып өтті. Іс-шараның мақсаты – тиімді оқыту мен оқудың сипаттамаларымен танысу, педагогикалық тәсілдерді білу және оны тәжірибеде тиімді қолдану. Шебер сыныпқа жоғары оқу орнының 60 оқытушылары қатысты. «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы М.Бименованың ұйымдастыруымен жүргізілген шебер-сыныпта оқытушылар белсенді оқу дегеннің не екенін түсінуге, белсенді оқу қағидаттарын оқыту мен өз тәжірибелеріне қолдануға қатысты өзара пікір алмасты. «Кластер», «SWOT»-талдау, «Маңыздылық аймағы» т.б. әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып, тапсырмалар арқылы өз тәжірибелерімен бөлісті. Шебер сынып соңында оқытушының педагогикалық қызметіне белсенді оқу қағидаттарын енгізуді жоспарлайтындарын, оқытудың жай ғана жаттығуларды орындауға емес, мақсатқа жетуге бағытталуы қажеттігін түсінгендері туралы өз пікірлерін білдірді. Тәсілдер туралы идеяларды талқылап, шебер сынып қорытындысында кері байланыстар берілді, «Өрлеу» ұжымының атына алғыс білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар