12 маусым күні Оралдағы «Өрлеу» Кәсіби даму институтында «Пән мұғалімдердің проблемалық аймақтары» тақырыбында семинар өтті.
Пән мұғалімдерінің проблемалық аймақтарын және оларды шешу жолдарын анықтау мақсатында өткен семинарға жалпы білім беретін орта мектептердің пән мұғалімдері қатысты. Семинар жұмысын институт директоры Софья Измуханбетова алғысөзбен ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі.
Семинар барысында институт тренерлері Комбинаторика элементтері:комбинаторика формулаларын қолдана отырып есептерді шешу; музыкалық орындаушылық мәдениетін меңгеру үшін қажетті білім, білік, дағдылар кешенін қалыптастыру; лексика-грамматикалық тәсілдер арқылы ауызша сөйлеуді меңгерту жолдары, мәтінмен жұмыс, академиялық /көркем мәтінді оқу; сауда, қолөнер және әлемнің игерілуі: ұлы географиялық ашылулардың әлем және XV – XVI ғасыр саяхатшыларының әлем туралы ойларына әсері тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Тәжірибе алмасу семинарында қатысушылармен кері байланыс жасалып, өткізілген шараға оң баға берілді. Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификат табысталды.




