Топтық талқылау: Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері қандай?

Бүгін филиалда тренерлердің ішкі әлеуетін дамытуға, кәсіби даму мәдениетін нығайтуға бағытталған өзара оқыту семинары өтті. Семинар спикері Ұлтай Ешимова «Топтық талқылау: Тиімді оқыту мен оқу тәсілдері қандай?» тақырыбында мектеп тәжірибесінде қолданылатын әдіс-тәсілдерді ұсынды. Оқыту семинары интерактивті форматта өтіп, қатысушылар топтық тапсырмалар орындады.

Семинар барысында «Неліктен оқытуда белсенді, интербелсенді әдістемені қолдану қажет?», «Топтық жұмыс жүргізуде қандай қателіктер орын алады?», «Топты қалай құрылымдауға болады?», т.б. сауалдар талқыланды. Қатысушылар тәжірибе алмасып, нақты мысалдармен бөлісті. Оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға арналған практикалық ұсыныстар қарастырылды.

Мұндай өзара оқыту семинарлары тренерлеріміздің кәсіби дамуына, жаңа көзқарас қалыптастыруына үлкен серпін береді. Біз бірге үйренеміз – бірге өсеміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар