2022 жылдың 3 мамыры – 15 маусымы аралығында EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институтының ұйымдастыруымен білім беру бағдарламаларын әзірлеуші тренерлерге арналған «Тәжірибе арқылы оқыту» тақырыбында курс өткізілді.
Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының 8 тренеріне 160 сағат көлеміндегі курсты нәтижелі аяқтағаны туралы сертификат табыс етілді.
Семинар жұмысына институттың тәжірибелі мамандары Ұлтай Ешимова, Жанар Исаева, Раушан Мәрсәлі, Жанар Жұбауова, Оразбай Орманов, Маржан Смағұлова, Орынкүл Мыханова, Мақпал Есенбекқызы белсене қатысып, мектеп мұғалімдерінің пәндік құзіреттіліктерін дамытуға арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын жасады. Курсты өту кезінде білім беру бағдарламаларын жобалаудың үздік халықаралық тәжірибесі зерделенді.
Соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан білім беру реформаларына сәйкес мұғалімдердің біліктілігін арттыру ісінде әдістемелік бағытқа басымдылық берілді. Мектеп мұғалімдерімен жүргізілген арнайы сауалнамалар арқылы оқушыларға қиындық туғызатын күрделі тақырыптар анықталды. Жасақталған оқу бағдарламалары орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталып отыр. EdCrunch Academyмен бірлесіп әзірлеген жаңа білім беру бағдарламалары педагогтерге заманауи ғылыми зерттеулер мен озық оқыту технологияларына негізделген білімнің берік жүйесін құруға мүмкіндік береді.