«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушылары Назира Абдикеримова мен Зере Смаилова 28 ақпан күні «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» және «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курстары аясында Тараз қаласында орналасқан мәдени-тарихи нысандарға туристік сабақ ұйымдастырды. Туризм бағытына арналған көшпелі тәжірибелік сабақ туған жердің тарихымен, мәдениетімен, өнерімен танысу бағытында алған білімдері мен дағдыларын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып, іс-шара барысында педагогтер Тектұрмас этно-тарихи кешені, Орталық өлкетану мұражайы, Көрме залы және Даңқ залында болды.
Кунсулу Таукебаева, ӘжПИ кафедрасының меңгерушісі

