Тыңдаушыларға арналған семинар өтті

Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасындағы ынтымақтастық меморандумы аясында тыңдаушыларға арналған «Абайтану: “Толық адам” ілімі» тақырыбында  семинар өтті.

Семинарда университет  профессоры, филология ғылымдарының докторы Г.Қосымова Абайдың “Толық адам” тұжырымының бастау көздері» және “Толық адам” бейнесін жасайтын образды сөздер мен фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, афоризмдер тақырыбында кеңейтілген дәріс-тренинг ұйымдастырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қазақ әдебиетінің көрнекті саласы – Абайтану ғылымының мектептердегі оқыту мәселелері бойынша педагог-ғалымдардың тәжірибесін көрсету, пікір алмасу алаңын құру және кері байланыс жасау.

Семинар барысында Абайдың «Толық адам» ілімін және оқу-тәрбие процесінде сабақтастырудың жолдары көрсетіліп, ақын шығармашылығын мектептерде оқыту тәжірибесіндегі ерекшеліктер түсіндірілді.

Тыңдаушылар тарапынан Абай ілімін зерттеуші ғалымдардың тәжірибесін оқып-үйрену арқылы теория мен практика теңгерімінен алған білімдері бойынша кері байланыс  жасалды. Іс-шара соңында барлық қатысушы педагогтерге сертификаттар табысталды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар