Тыңдаушылар аттестаттауды өткізудің жаңа ережелерімен таныстырылды

📚Өрлеу-Павлодар қызметкерлері А. Сураганов, Ж.Слямова мен Д. Касенбекова филиалымызда біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары үшін «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары» жобасы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

📚Мамандар аттестацияның атауы «Шебер ұстаз – табысты оқушы» түсінігіне қаланғанын атап өтті.

📚Ол негізгі 5 пәлсападан құралған:
– Мұғалімнің үздіксіз кәсіби даму факторы;
– Білім алушылардың жетістіктері арқылы педагог қызметін объективті бағалау жүйесі;
-Өзін-өзі тәрбиелеуді және қызмет бабында өсуіне ынталандыру;
– Әлеуметтік әділдік;
-Академиялық адалдық.

📚Жиналған ұстаздар аттестаттаудың мектепке дейінгі білім беру саласына қатысты сұрақтарды жаудырып қойып, өз сауалдарына толыққанды жауап алып отырды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар