Ақтау қаласы С.Қондыбай атындағы №22 мектеп-гимназиясында “Python бағдарламалау тілін оқытудың әдістемесі мен тәжірибесі” тақырыбындағы курс тыңдаушыларына көшпелі тәжірибелік семинар өтті.
Семинарда тыңдаушыларға Python тіліндегі тізімдердің құрылымы, элементтері және негізгі әдістері туралы құнды ақпараттар берілді.
Семинардың практикалық бөлімінде Бейнеу жалпы білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі С.Масакова «Python бағдарламалау тілі бойынша ҰБТ-де кездесетін тапсырмаларды талдау», Мұнайлы ауданының №1 жалпы білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі А.Серікова «Оқушылардың шығармашылығын қалыптастыратын тапсырмалар», Мұнайлы ауданы № 12 жалпы білім беру мектебінің информатика пәні мұғалімі Д.Тулебаева «Тізімдерде қолданылатын функциялар», Ақтау қаласы. С.Қондыбай атындағы № 22 мектеп-гимназиясының информатика пәні мұғалімі Ж.Кенжебаева «Тізімдермен жұмыс жасау бөлімі бойынша дарынды оқушылармен жұмыс жасау тәжірибемнен» тақырыптарында өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинардан тыңдаушылар Python тізімдерімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіріп, жаңа тәжірибе жинақтады.

- 28 Сен
- 2024