Тілдер мерекесі аталып өтілді

5 қыркүйек күні Ақтөбе қаласы М.Әлімбаев атындағы №25 жалпы білім беретін орта мектебінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Өрлеу» Ақтөбе филиалының Шайсұлтан Шаяхметов атындағы “Тіл- Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен меморандум аясында бірлескен іс-шара «Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығы директоры К.Х.Сергазина, облыс педагогтері- А.А.Орынбаева, А.Т.Касенова, Ж.У.Джангазина/ М.Әлімбаев ат. №25 ЖББОМ/, А.Ө.Оразаева /Мартөк ауданы, Хлебодаровка ЖББОМ/, Г.С.Пайызова /Мартөк ауданы, Қызылжар ЖББОМ/ тіл үйретудегі тиімді және нәтижелі әдістерімен бөлісті.

Ұсынылған озық технологиялар мен жаңашыл әдістер, мемлекеттік тілді оқытудың үздік әдіс-тәсілдері, орталық мамандарымен өзара тәжірибе алмасу жұмыстары облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің әдістемелік біліктерінің артуына мүмкіндік берді.
Іс-шара модераторы, бас әдіскер М.Т. Адилханова дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, мемлекеттік тіл мәртебесін көтерудің қажеттілігі бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі екендігін ерекше атап айтып, ынтымақтастық үшін серіктестерге зор алғысын білдірді.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар