Ағымдағы жылдың 20 желтоқсаны «Тілдік ортаға ену» жобасының кураторы Э.Б.Мирзалиеваның жетекшілігімен «№22 Бөбекжай-бақшасы» КММ тәрбиешілері жобаның алғашқы нәтижелерін көрсетіп, орыс тілді балалар қазақ тілінде өз ойларын ортаға салды. №9 жоғары топ тәрбиешісі Д.К.Давлетшина және №5 дайындық топ тәрбиешісі Н.Н.Еклашова «Сөйлесу қабырғалары», «Рутиндік іс-әрекеттер» және «Ойын әрекеті» әдістемесі арқылы сабақта ойыншықтарды, суреттерді және іс-әрекет алгоритмін сызуды қолданды. Бұл әдістемелер мектеп жасына дейінгі балалардың естігендерін ықшамдалған түрде есте сақтауға, сөздің мағыналық жағын қайталауға және тез сіңіруге көмектеседі, қазақ тілін функционалды түрде меңгеруге ықпал етеді.

- 20 Дек
- 2022