27 наурыз күні «Өрлеу» Қарағанды филиалының аға оқытушысы Мукушева Меруерт Алтынбековна Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған «Тілді оқытуда коммуникативті құзыреттілікті қалыптастырудың негіздері» тақырыбындағы облыстық әдістемелік семинарға қатысып, тәжірибе алмасу алаңында болды.
Семинар барысында мамандардың құнды баяндамаларын тыңдап, тілді оқытудағы коммуникативті тәсілдің тиімділігі мен оны жүзеге асыру жолдары туралы көптеген жаңа ақпараттар бойынша талқылауға қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының академиялық қызмет жөніндегі вице-ректоры
Эльмира Нұрланқызы Оразалиеваның елтанымдық оқылым парадигмалары туралы баяндамасы тілді оқытуда мазмұнды кеңейтудің маңызды құралдарын көрсетті. Назарбаев университетінің оқытушысы, Қазтест авторы
Айдар Қалайбердіұлы Балабековтің тілдік құзыреттілік пен дағдының үйлесімділігі тақырыбындағы пікірі мұғалімдерге тілдік дағдыларды жүйелі түрде қалыптастыру қажеттігін айқын көрсетті.
Күлән Бейсенбайқызы Көпештің сөйлеу әрекетін дамытуға арналған әдістемелік тәсілдері оқытуда қолдануға болатын нақты идеялармен бөлісті.
Бұл семинардан алған ақпараттар біліктілікті арттыру курстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін оқытуда қалай қолданамыз?
-Тілді оқытуда коммуникативті тәсілге негізделген тапсырмалар мен практикалық кейстер құру;
-Оқушылардың тілдік дағдыларын (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) кешенді түрде дамытуға арналған жаттығулар әзірлеу;
-Оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру үшін тың әдістерді оқу бағдарламасына енгізу.
Семинар үлкен тәжірибе алаңы болды және алдағы уақытта оқыту жүйемде жаңашылдық енгізуге септігін тигізері сөзсіз!