Тіл-халық қазынасы

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен және Ақтөбе облысы әкімдігі қолдауымен «Тіл-халық қазынасы» атты тіл жанашырларымен кездесу өтті.

Кездесу биылғы жылы ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 14 маусымдағы №398 Қаулысымен көрнекті лингвист- ғалым А.Байтұрсынұлы есімі берілген лингвистикалық мектеп – гимназиядан бастау алды. Алматыдан ат арытып келген қонақтар- А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институтының мамандары білім беру ұйымына ақын туралы құнды кітаптарын тарту етті.

Іс-шара Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде жалғасты. Тіл жанашырлары Алаш ардақтысы, реформатор ғалымның елді ағарту жұмыстарындағы рөлі, тіл мен әдебиет ғылымдарының негізін салудағы зор еңбегіне тоқталды. Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінің маңыздылығы жан-жақты талқыланды.

Іс-шара соңында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруына зор үлес қосқаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұжымы Алғыс хатпен марапатталды.

Биылғы жылы институт облыс педагогтарымен, курс тыңдаушыларымен, атап айтқанда «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру: мәселе, пікір, ұсыныс» Аймақтық ғылыми-тәжірибелік семинар, «Мемлекеттік тілге құрмет- рухани жаңғырудың жарқын жолы» облыстық дөңгелек үстел, кітап көрмелері, т.б. ақын-жазушылардың мерейтойына арналған бірқатар іс-шаралар өткізді. Институт үшін мемлекеттік тіл мәртебесінің артуына үлес қосу айрықша маңызды болып табылады.

Бұл ретте ұлт ұстазының еңбегін зерделеп, оны мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру баршамызға ортақ міндет екенін айта кету керек.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар