Тірек балабақшалармен жұмыс

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының жетекші тірек мектебінің бірі Түлкібас ауданы, «Алтын ұя» бөбекжайының базасында 2022 жылдың 20 мамырында «Мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқытудың белсенді тәсілдерін қолдана отырып, баланың тілдік-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында облыстық іс-тәжірибелік семинар өтті. Семинардың мақсаты: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үдерісін тиімді ұйымдастыруда ойын арқылы оқытуға қабілетті мектепке дейінгі ұйым педагогінің кәсіби шеберлігін жетілдіру. Семинар 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім тәжірибелік бөлім болды. Бұл бөлімде кіші, ортаңғы, ересек және МАД топтарында «Біз есепке жүйрікпіз», «Гүлденген табиғат», «Жәндіктер әлемі», «Мамандықтың бәрі жақсы» және т.б. тақырыптарда ашық оқу қызметтері көрсетілді. Екінші бөлімде ТО БДО әдіскері З.Кеутаева «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың жаңа моделі» тақырыбында шебер сынып өткізді. «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ «Жаратылстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Л.Медетова «Жаңартылған білім беру аясында МДҰ әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану» тақырыбында шебер сынып өткізді. Қорытынды бөлімде балабақша меңгерушісі Жартыбаева Н. сөз алып, семинарға қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, келген қонақтарға рахметін айтты. Семинардан кейін «Алтын ұя» бөбекжайының педагогтарының қиындықтар аясын анықтау мақсатында сауалнамалар алынды, әрі қарай жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар