Тірек мектептерімен «Өрлеу»БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес, педагогтерді курсаралық және курстан кейінгі қолдау мақсатында «Математика – жаратылыстану және гуманитарлық пәндерде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбындағы шебер сынып Кентау қаласы, № 6 жалпы орта мектебінің базасында 2022 жылы 15 қыркүйекте сағат 14.00де №5 және №6 жалпы орта мектеп мұғалімдерімен өтілді. Шебер сыныпты жүргізгендер: «Өрлеу»БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Р.Жуманова, Ж.Кужимова, А.Сазабаева, А.Айдосова. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін тапсырмаларды сабақта пайдалану қажеттілігін көрсетуде мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге көмектесу мақсатында төмендегідей іс-шара жүргізілді. Шебер сынып барысында аталмыш екі мектеп мұғалімдерімен бірге оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін шығармашылық тапсырмалардың әртүрлі түрлерін қолдану арқылы білімдерін жүйелеу және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар әріптестерді функционалдық сауаттылық түсінігімен және оның көрсеткіштерімен таныстырып, функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды дайындауға үйрету, халықаралық бағалау ұйымдары туралы ақпарат арқылы ғылым және білім саласындағы халықаралық бағалау ұйымдарының стандартына сәйкес келетін тапсырмаларды құрастыру бойынша мұғалімдердің дағдыларын қалыптастыру іске асты.Жеткен нәтижелер:-қатысушылар тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін тапсырмаларды өз сабақтарында қолдану қажеттілігін түсінді.- Оқушылардың шығармашылық әрекеті үшін жасалуы қажет жағдайлардың мәнін түсіну, оқу әлеуетін ынталандыру және функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін тапсырмаларға қандай өзгерістер енгізу керектігін түсінді.-мұғалімдер халықаралық бағалау ұйымдарының форматтарына сәйкес келетін тапсырмаларды жазу дағдыларын меңгерді, заманауи білім беру саясатындағы өзгерістердің талаптары мен салдарын түсінді.



