Созақ ауданы, А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде «Оқушыға бағытталған оқу – білім сапасының негізі» тақырыбында тірек мектептермен жұмыс жоспарына сәйкес Өрлеу-Шымкент филиалының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедра қызметкерлері 2 форматта онлайн және офлайн түрінде семинар ұйымдастырды. Мақсаты: Білім беру ұйымдарында оқу үдерісінің сапасын арттыру бойынша оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыруға жағдай жасау, педагогтарының өзара тәжірибе алмасуына ықпал ету. Семинар барысында аға оқытушысы Әлия Естемирова «Сараланған тапсырма беру ерекшеліктері» тақырыбында, А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Қалдыкүл Әлімханова «Сапалы нәтижеге бағытталған жоспар» тақырыбында баяндамаларды оқыды, Гүлден Өтемісова «Қарапайым химиялық формулалар Валенттілік» тақырыбында үлгілі сабақ ұйымдастырды. Биология пәні мұғалімі Райгүл Исаева «Pisa» тапсырмаларын кіріктіре отырып, «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында шебер сынып және пікір алаңында Бақытжан Сүйгенбаев пікірсайыс өткізді. Семинарды қорытындылау барысында сабақтарға анализ жасалынып, кері байланыс орнатылды. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға ықпал жасай отырып, оқу үдерісінің сапасын арттыру жолдары бойынша мәселелерге тоқталып,семинардан педагогтер керемет әсер алғандарын білдірді.

- 15 Мар
- 2023