Түзету-дамыту жұмысындағы кешенді тәсілдер

Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіптік даму институтының ШҚО білім басқармасымен бірлескен қызмет жоспарына сәйкес 2022 жылдың 12 сәуірінде Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен түзету-дамыту жұмысындағы кешенді тәсілдер” тақырыбында облыстық вебинар өткізілді, оған облыстың 300-ден астам педагогтері қатысты.

Вебинар барысында балалармен “Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталығы” КММ тәрбиешілерінің, психологтардың, дефектологтардың, логопедтердің, музыкалық жетекшісі мен емдік дене шынықтыру нұсқаушысының түзету-дамытушылық жұмысына кешенді тәсілдер жүйесін құру, басқару және енгізудің тиімді тәжірибесі ұсынылды.

Оңалту орталығының директоры С. К. Ахмадиева қатысушылардың назарын жұмыстың ерекшелігіне, сондай-ақ орталық ұжымы жұмыс істейтін негізгі нормативтік құжаттарға, бағдарламаларға аударды.

Бейне сабақтар кешені қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.

Семинар соңында қатысушылар осы тақырыптың өзектілігін және инклюзивті білім беру аясында негізгі мектепте жұмыс істейтін педагогтер үшін семинарларды өткізудің қажеттілігін атап өтті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар