Түркістанда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Түркістан облысы бойынша Кәсіби даму институты ресми түрде жұмысын бастады.
Іс-шара дәстүрлі батамен басталды. Ақ батасын ардагер ұстаз, «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, қала мен облыстың құрметті азаматы Жарқынбек Құлбайымбетов берді. Жаңа филиалдың ашылу лентасын ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев пен Жарқынбек Құлбайымбетов қиды.


Келушілерге жаңа филиалдың оқу кеңістігін таныстырылды. Ғимаратта STEAM зертханасы, психология студиясы, ICT-коворкинг сияқты заманауи жабдықталған орталықтар бар.

Ашылу күнімен қатар «Өрлеудің» тамыз конференциясы өтті. Биылғы басқосу «Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы: жаңа міндеттер және шешімдер» тақырыбына арналды. Жиында білім саласын жетілдіруге, жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетін нақты идеялар мен түрлі тәжірибелер талқыланды.
Басқосу баяндамасында:
А.С. Шилибекова, Басқарма төрағасы – орталықтың стратегиясы мен жетістіктері жайлы;
А.Б. Мейірқұлова, төраға орынбасары – академиялық дизайн туралы;
М.Д. Турашев, төраға орынбасары – «Өрлеудің» цифрлық экожүйесі жөнінде айтты.
Конференция барысында стратегиялық сессиялар, воркшоптар және арнайы топтық талқылаулар өтті. Қатысушылар елдің әр өңірінде тиімділігін көрсеткен тәжірибелерді ортаға салды.
Шара барысында педагогтердің біліктілігін арттыру ісіне айрықша үлес қосқан «Өрлеу» қызметкерлері марапатталды.
Іс-шараға офлайн форматта 120-дан астам адам – құрылымдық бөлім басшылары, филиал ұжымы мен қонақтар, сондай-ақ онлайн режимде 500-ден аса қатысушы – республика өңірлеріндегі «Өрлеу» өкілдері қатысты.
Жаңа филиалдың ашылуы – өңір ұстаздарының кәсіби дамуына арналған заманауи білім беру ортасын қалыптастырудағы маңызды қадам.


Салтанатты жиында ұстаздық жолда қажырлы еңбек етіп жүрген әріптестеріміз ҚР Оқу-ағарту министрлігі атынан мемлекеттік және ведомстволық марапаттарға ие болды.
Марапаттарды ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев табыс етті.
«Еңбек ардагері» медалімен марапатталған әріптестер:
• Жұманов Ержан Қадырбекұлы – Түркістан облысы бойынша филиалдың аға оқытушысы
• Уәлиев Серік Сұлтанбекұлы – Ақмола облысы бойынша филиалдың аға оқытушысы
• Разбекова Зәуре Қайырқызы – Қарағанды облысы бойынша филиалдың аға оқытушысы
• Бухарбаев Болат Қаироллаұлы – Ақтөбе облысы бойынша филиалдың кафедра меңгерушісі
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған үздік мамандар:
• Сүлейменова Гүлнар Абдоллақызы – Алматы қаласы бойынша филиалдың аға оқытушысы
• Ахметниязова Айгүл Жұматқызы – Павлодар облысы бойынша филиалдың кафедра меңгерушісі
• Қаркабаева Пәрида Пазылқызы – Жамбыл облысы бойынша филиалдың аға оқытушысы
• Керімбеков Мұхтар Апенұлы – Шымкент қаласы бойынша филиалдың оқу бөлімінің басшысы
• Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы – Түркістан облысы бойынша филиалдың аға оқытушысы
«Құрмет грамотасымен» марапатталғандар:
• Жанғалиева Лауле Еркенқызы – Қостанай облысы бойынша филиалдың аға оқытушысы
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!



