01.02.2022 жылы Түркістан қаласында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты филиалының Түркістан облысы бойынша өкілдігі салтанатты ашылды. https://youtu.be/bNm7chPx2N8 Жиын барысында педагогтерді курсаралық және курстан кейінгі қолдау бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ, Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қаматамасыз ету департаменті және Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, облыстық білім беруді дамыту орталығы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Өкілдік Түркістан облысы бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын өз деңгейінде жалғастырады және облыстағы білім беру саласындағы сапалық өзгерістердің бастамасы болады деп сенеміз.

- 02 Фев
- 2023