Өрлеу РКДИ аға оқытушысы Гульнар Сулейменованың жетекшілігімен орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Тұрақты даму жағдайындағы білім беру сапасын басқару» педагогтердің біліктілігін арттыру курсы өтуде.
Білім беру бағдарламасының өзектілігі қазіргі заманғы көшбасшының басқарушылық қызметін тұрақты даму призмасы арқылы трансформациялау қажеттігінде.
Курс сапалы білім беру ортасын құру және квалиметриялық әдісті қолданып заманауи мектепте білім сапасын бағалау үшін білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру және квалиметриялық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.





