2022 жылдың 21 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында Өрлеу ББЖҚБАРИ мен БҰҰ-ның Қазақстан Республикасының Ақпараттық Бюросы өкілдігінің қолдауымен ЮНЕСКО-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы) шебер–оқуытушыларға арналған «Тұрақты даму мақсатындағы білім беру» біліктілікті арттыру курсы өтті. Курсқа Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Нарсеитова Ф.С., Абайдуллаева А.А., Сабиханова А.К және Ыбышева А.С қатысты.
Курс аясында Тұрақты даму мүддесі үшін білім беру «2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ТББ бағдарламасын», «ТББ бойынша жаһандық іс-қимыл бағдарламасы» 2015-2019 жж., «2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ТББ» 2020-2030 жж. басшылыққа ала отырып, саралап зерделеді.
Тұрақты даму мақсатындағы білім беру біліктілікті арттыру курсы аясында тұрақты дамудың 17 мақсатын, 169 міндеттерін, 230 индикаторларына тоқталды.
Сонымен қатар Низовская И.А. білім алушыларға арналған оқу құралын зерделеп, топтық жұмыс, демо сабақтар құрастырды, ТББ және жаһандық азаматтық рухында білім беру мәнмәтінінде оқушылар үшін цифрлық білім беру ресурстар әзірлеу, педагогтердің медиасауаттылық саласындағы кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, медиа білім беру қызметінің әдістері мен формаларын меңгерді.
Курсты іске асыруға арналған цифрлық платформалар мен сервистерді (Miro, Linoit Padlet онлайн-тақталары, VideoPad VideoEditor, iSpring Free Cam бағдарламалары, Google Classroom, opiq.kz, Daryn.online, Online Mektep платформалары) тренерлер тиімді пайдаланып, қолданды.
«Тұрақты даму мақсатындағы білім беру» біліктілікті арттыру курсынан соң аға оқытушылар 80 сағаттық біліктілікті арттыру сертификатымен марапатталды.