Тәжірибеге бағытталған оқытудың тиімді әдістерінің бірі – көшпелі тәжірибелік сабақ. КТС негізгі мақсаты – тыңдаушылардың курста алған білімдері мен дағдыларының белгілі бір көлемін бекіту және кеңейту.
Осы тұрғыда Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Жақсылықова Кенжегүл Зарлыханқызы «Әдістемелік қызметті трансформациялау» тақырыбындағы курс аясында (кураторы Сахова А.Т.) №87 орта мектеп базасында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына «Мұғалімдердің шығармашылық топтарының ғылыми-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында КТС ұйымдастырды.
Аталмыш мектеп әкімшілігі курс тыңдаушыларын жас мамандарды, тәлімгерлерді әдістемелік қолдау және сүйемелдеу әдістемелерімен таныстырды. Шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастыру және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті.
Мектеп педагогтері сабақтарда смарт-құрылғылардың, жасанды интеллект құралдарының және цифрлық ресурстардың заманауи қосымшаларын тиімді пайдалана отырып, ашық сабақтар өткізді.




