Тәжірибелік сабақ

2022 жылы 04.07-15.07 аралығында «Балалардың өмір қауіпсіздігін және әлеуметтенуін ұйымдастыру бойынша әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында орта білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтеріне арналған педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы Түркістан қаласындағы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп гимназия базасында өткізілді. Курс барысында тыңдаушылардың алған білімдері мен дағдыларының белгілі бір көлемін бекіту және кеңейту мақсатында Түркістан облысы Сауран ауданы «Майдантал» жалпы орта білім беретін мектептің әлеуметтік педагогы Саңғылбаева Әйгерім Қайратбекқызы көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды. Курс тыңдаушыларын отбасын әлеуметтік – педагогикалық диагностикалау, әлеуметтік-педагогикалық жұмысты жоспарлау мен ұйымдастыру, балалардың қауіпсіз және жайлы өмірін ұйымдастыру бойынша әдістер мен формаларымен, өмірлік қиын жағдайдағы балалармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру және әлеуметтік педагогтің ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудегі қызметімен, әлеуметтік педагог қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігінің критерийлері және есеп беру формаларымен, отбасын әлеуметтік-педагогикалық диагностикалау әдістемесімен таныстырды. «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау»кафедрасының аға оқытушысы Тугелбаева Эльмира Базарбаевна

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар