Тәжірибелік семинарлар жалғасуда

2023 жылдың 1 қарашасында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының тренерлері Алматы облысы Кеген ауданы Бөлексаз орта мектебінде «Білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау жағдайында ғылыми – жаратылыстану, математикалық  және оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

Семинарға Кеген ауданындағы Бөлексаз орта мектебі, О.Жаңабаев атындағы орта мектеп, К.Нұрпеісұлы атындағы орта мектеп лицейі, Қарабұлақ орта мектебі, Тасашы орта мектебі, А.Түркебаев атындағы орта мектебі, Ы.Кошкинов атындағы орта мектебі, Райымбек ауданының Жаменке орта мектебі, Сұраншы Саурабаев атындағы орта мектебі, Қайнар атындағы орта мектебі, О.Жандосов атындағы орта мектептің жаратылыстану, гуманитарлық бағыттағы пәндері бойынша мұғалімдер қатысты.

Семинар жұмысында Өрлеу Алматы облысы бойынша КДИ «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Меруерт Бисенбаева, Гаухар Таджибаева,  Ләззат Адыбаева, Анар Тоқтасынова, Айгүл Байузакова шебер-сыныптар өткізді. Іс-шарада Райымбек ауданы Қ.Шорманов атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі, педагог-зерттеуші Гүлсім Молдабаева және Қайнар орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі, педагог-сарапшы Фариза Абитаева өз тәжірибелерімен бөлісті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар