Тәжірибе алаңының бірінші күні: тәжірибе алмасу алаңы

Облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын озат тәжірибелі педагогтердің мәртебесін көтеруге, шығармашылық әлеуетін, кәсіби құзіреттілігін дамытуға, үздік тәжірибесін анықтауға және таратуға мүмкіндік беретін маңызды жобалардың бірі – Тәжірибе алаңы 2002 жылдан бері өткізіліп келеді.

2-4 қаңтар аралығында өтетін Тәжірибе алаңының бағдарламасында түрлі бағыттар бойынша өткізілетін шеберлік сыныптары, конференциялар, кәсіби байқаулар, танымдық және спорттық сайыстар мен мәдени шаралар жоспарланған.

Алаңның бірінші күні педагогтердің білімін жетілдіруге, кәсіби құзіреттілігін дамытуға бағытталған шеберлік сыныптарымен басталды. «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушылары Жанар Жубауова «Пәннің мазмұны арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру», Серік Құсейнов «Менеджмент негізінде топтық жұмысты басқару және жоспарлау» тақырыптарында алаң қатысушыларына шеберлік сыныптарын көрсетті.

«Пәннің мазмұны арқылы функционалдық сауаттылықты қалыптастыру» тақырыбындағы шеберлік сыныптың алғашқы қадамы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған құзыреттіліктер мен тапсырмалар деңгейлері бойынша диалогтік алаң сұрақтар негізінде ұйымдастырылды. Қатысушылар ұсынылған сабақ жоспарларын талдауға, оқу мақсаты негізінде білім алушылардың дағдыларын анықтауға, «Дағдылар» картасын толтыруға арналған практикалық тапсырмалар орындады. Сондай-ақ, пәндік білім арқылы білім алушылардың оқу, математикалық, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру бойынша құнды ақпараттар алды.

«Менеджмент негізінде топтық жұмысты басқару және жоспарлау» атты шеберлік сыныбында мақсатты мектептердің қазіргі жағдайын анықтау және мектеп мәселелері: проблемаларды анықтауға бағытталған диагностикалау әдістері және мақсатты мектеп педагогтерінің құзыреттілігін дамыту бағыттары талқыланды. «Ұстаз» ұлттық платформасы, педагогтердің аттестаттаудан өтуі, педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тәртібі, педагогтің білімін бағалау тәртібі түсіндіріліп, мазмұнды ақпараттар берілді.

«Ұжымның даму деңгейін анықтау» тақырыбындағы панельдік сессияда аймақтағы үздік білім беру ұйымдарының директорлары өздерінің табысты тәжірибелерімен бөлісті.

Алаңның мәдени шарасы «Ауылдың алты ауызы» өнер кешіне командалар белсене қатысты. Қатысушылар сазды әуен, билерімен, әзіл-шыны аралас көріністерімен өз өнерлерін ортаға салып, кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Тәжірибе алаңының алғашқы күні өткізілген іс-шараларға сараптамалық талдау жасалып, қорытындыланды.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар