Тәжірибе бөлісті

17 тамыз күні Казталов ауданы Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Бастауыш мектептегі құндылыққа бағытталған білім беру және ерекше білім беруді қажет ететін баламен жұмыс» тақырыбында бастауыш білім беру секциясының отырысы өтті.

Секцияның отырысы бастауыш сынып білім алушылары үшін жайлы білім беру ортасын құру, ерекше білімді қажет ететін оқушымен жұмысты жетілдіру және құндылыққа бағытталған білім беру мазмұнын жүзеге асыруды талқылау, жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Секция отырысына Кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы Бағдагүл Габбасова қатысып, «Бастауыш мектептегі құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар Бағдагүл Бекқалиқызы ата-анамен өткізілетін отырыстарды  жаңаша ұйымдастыру түрлері бойынша шеберлік сыныбын көрсетті.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар