«Тәлімгер+жас педагог=команда» «КОМАНДАДА – КҮШ» халықаралық конкурсының жеңімпаз-педагогтерінің  шеберлік сыныптар басталуы

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Қостанай облысы бойынша КДИ филиалы «Педагогикалық шеберлік академиясы: XXI ғасыр дағдылары» Халықаралық әдістемелік орталығымен (Омбы қ., Ресей) бірлесіп «Тәлімгер+жас педагог=команда» «КОМАНДАДА – КҮШ» халықаралық конкурсының жеңімпаз-педагогтерінің мақсатты шеберлік сыныптар циклін өткізуді бастады.

Іс – шара өткізу идеясы кездейсоқ пайда болған жоқ. Бірнеше жыл бойы жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан “Тәлімгер+жас педагог=команда” конкурсы Омбы және Қостанай облыстарының педагогтерінің баға жетпес тәжірибесі педагогтердің кең ауқымына қолжетімді болуы тиіс жеңімпаздардың тұтас тобын бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Сондықтан, біздің ойымызша, шеберлік сыныптар – тәжірибені бөлісудің ең сәтті түрі болып табылады, өйткені олар қатысушыларға сұрақтар қойып, құзыретті жауаптар алу арқылы белсенді болуға мүмкіндік береді.

Іс-шараның ашылуына Омбы облысының білім беруді дамыту институтының ректоры Т.С. Горбунова қатысып, конкурстың ерекшеліктері туралы айтып, әріптестерімен өз тәжірибесімен бөлісуге келіскен мұғалімдерге жылы лебізін білдірді.

“Командада-күш” шеберлік сыныптар циклін бастау құқығы 2021 жылғы облыстық конкурстың жеңімпаздары: “Педагогикалық идеялар панорамасы” Республикалық конкурсының жүлдегері, 2020 жылғы “Облыстың үздік педагогы” атағының иегері, Жітіқара ауданы №12 НМ педагог-шебері, биология және химия пәнінің мұғалімі Е.А.Якимчукке және жас педагог, биология пәні мұғаілімі В. А.Никишкинаға берілді. Тақырыбы –Ted-шеберханасы “Экожүйелік тәсіл заманауи білім берудің негізгі векторы ретінде”.

Шеберлік сынып барысында мұғалімдер Қостанай және Омбы облыстарынан қатысушыларға білім берудегі экожүйелік тәсілдің мәнін түсіндірді, экожүйелік құзыреттілікті дамытуға бағытталған инновациялық технологияларды, әдістерді, тәсілдерді қолдану дағдыларымен бөлісті және экожүйелік оқыту элементтерін практикада іске асыру мүмкіндіктерін көрсетті. Жалғасы бар…. Келесі шеберлік сынып 5 мамырда өтеді. Онда Омбы қ. Бюджеттік жалпы білім беру мекемесі “Бизнес және ақпараттық технологиялар” лицейінің педагогтері О.В. Астапова мен А. А. Сарыпова өз тәжірибелерін ұсынады. Олар шеберлік сынып қатысушыларын сабақтарда топтық жұмысты ұйымдастырудың әртүрлі әдіс-тәсілдерімен және технологияларымен таныстырады. Спикерлерге сұрақтарыңызды дайындап, қосылыңыз. Тәжірибелі әріптестермен қарым-қатынас жасаудың және кәсіби құзыреттілік деңгейіңізді арттырудың бірегей мүмкіндігін пайдаланыңыз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар