Беисенкулова Андия мен Кулен Фарида педагогтерге курстан кейін әдістемелік қолдау көрсету және тәлімгер-педагогтердің, жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Жарқын болашақ иесі – бүгінгі жас маман» тақырыбында облыстық брифинг өткізді. Меркі және Сарысу аудандарынан онлайн байланысқа шыққан тәлімгер – педагогтер жас мамандармен жұмыс жүйесін, нәтижесін, жұмысты ұйымдастырудың инновациялық формалары мен әдістерін, жас мамандар тәлім алу кезіндегі шығармашылық ізденістегі жаңашыл тәжірибелерін бөлісті. Іс-шараға Меркі ауданы, №5 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Наушабаева Гульбагира; М.Әуезов атындағы мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Арыстанбекова Гүлнұр; Сарысу ауданы, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кенбаева Ағайша; Т.Рысқұлов ауданы, Құлан мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Арыстанбеков Фараби белсене атсалысты.


