Бүгін “Ақтөбе-Өрлеуге” жас педагогтер мен олардың тәлімгерлері жиналды, кездесу аясында тәлімгерлікті дамытудың тәжірибесі ұсынылды. Бүгінгі таңда қандай педагогтер сұранысқа ие? Балаға өзінің “менін”табуға көмектесуге, қалай табысқа жетуге болады? Тәлімгер не біледі, өзгелердің білмейтінін біледі ме ? – осы және басқа да мәселелерді ең қызықты мамандықтардың бірін таңдаған мұғалімдер ашық талқылады. Тимбилдинг форматында педагог-тәлімгерлер өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетті. Көктемгі мереке қарсаңында форумда белгіленген мәселелер практикалық тәжірибені түсінуге және дамудың жаңа перспективаларын анықтауға көмектесті деген пікірін қатысушылар бірауыздан жеткізді. “Ақтөбе-Өрлеу” әлеуметтік серіктестерге, спикер-тәлімгерлер Г.У. Садырбаеваға – Шымкент қаласының №8 гимназиясына, Н.А. Пеннерге – Ақтөбе қаласының №23 мектеп-лицейіне, А.Ф.Субханкуловаға – Ақтөбе қаласының №1 мектебіне, Н. К. Сұлтановаға – Алға қаласы, В. Пацаев ат. №2 мектепке, сондай-ақ жас педагогтерге алғысын білдіреді.



















