“Тәлімгерлік: шығармашылық, қарым-қатынас, өсу” тақырыбында екі күндік  кейс-сессия өтуде

 Жас мамандардың кәсіби және тұлғалық дамуына бағытталған маңызды процесс бұл -тәлімгерлік.  Бұл білім беру жүйесінде жастардың әлеуетін ашуға, олардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Естеріңізге сала кетсек, “Өрлеумен бірге, өрле!” жоба аясында жыл бойы облыстық семинар, шеберлік сыныптар мен табиғат аясында тимбильдинг ұйымдастырылған болатын.

30 қазан күні   «Өрлеу» филиалында  «Өрлеумен» бірге өрле!»  тәлімгерлік институты жобасы аясында “Тәлімгерлік: шығармашылық, қарым-қатынас, өсу” тақырыбында екі күндік  кейс-сессия басталды. Шараға  өңірдің аға тәлімгерлері мен жас мамандар қатысты.

Мақсаты:  Тәлімгерлік моделі шеңберінде тиімді өзара әрекеттестікті жалғастыру

Міндеттері: Педагогтің кәсіби стандарты аясында білімдерін жүйелейді; Кейс  әдістемесі бойынша жағдаяттарға талдау жасайды;Оқу мен оқыту үдерісіндегі тәлімгерлік қызметті  жоспарлау  дағдыларын жетілдіреді.

      Семинарды институт директоры Софья Измуханбетова алғысөзбен ашып, орта білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің қызметін ұйымдастыруда аталмыш шараның маңыздылығын атап өтті.

 «Жаңашыл көзқарас қалыптастырудағы тәлімгердің рөлі» тақырыбында аға әдіскер Кулян Дуйсенгалиева жалпы білім беретін мектептерде тәлімгерлікті ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету аясында слайд көрсетіп, таныстырып өтті.

     «Педагог» кәсіптік стандарты негізінде тәлімгерлік: шығармашылық, қарым-қатынас, өсуін жобалау» тақырыбында Педагогика және пәндік әдістер кафедрасының аға оқытушылары Рауан Мулдағалиева, Алина Абишева және Гүлмаржан Өтеғұл кейс-сессия ұйымдастырды.

      Түстен кейінгі шара филиалдың аға оқытушыларының ұйымдастыруымен «Оқыту мен тәрбиелеу: қауіпсіз және қолайлы оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыру» тақырыбы аясында практикалық жұмысқа ұласты.

          Семинарға қатысушылар шараның кәсіби шыңдалуда ролі зор болғанын, тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыруда әдістемелік көмектің тиімді болғанын атап, іс-тәжірибелермен бөліскен әріптестерге ризашылық білдірді. Аталмыш шара жалғасуда.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар