Тәлімгерлік – ұрпақтар арасындағы байланыс

Тәлімгерлік-бұл ұрпақтар арасындағы байланыс, оны қолдау және нығайту қажет. Ал педагогикалық әулеттердегі тәлімгерлік-бұл жаңа бастаған педагогтердің озық технологияларды, оқыту әдістерін зерделеуге деген қызығушылығын нығайтудың, педагогикалық қарым-қатынас ауқымын кеңейтудің, үздіксіз кәсіби дамудың ерекше нысаны.

2021 жылғы 9 желтоқсанда Өрлеу-СҚО филиалында «Алтын қор» облыстық тәлімгерлер форумы және «Педагогикалық дуэт» (халықаралық қатысумен) облыстық кәсіби шеберлік және тиімді тәлімгерлік байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Екі шара да ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Өткізілген Форум мұғалімдер әулетінің кәсіби тәжірибесін сақтау және ілгерілету негізінде педагогикалық кәсіптің қоғамдық-әлеуметтік мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.

Өрлеу филиалы СҚО Білім басқармасымен, СҚО білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетімен, «Nur Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалымен, СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, өңірдің 13 педагогикалық әулеті өкілдерін алғыс хаттармен марапаттады.

Форум жұмысының нәтижесі – «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл: «Біздің әулетіміздің тарихы» жинағының тұсаукесері, онда өңірдің аса көрнекті және беделді педагогикалық әулеттері, олардың СҚО білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы очерктер ұсынылған.

Өз кезегінде әулет өкілдері педагогикалық ортада тәлімгерлік идеясын қолдап, «Педагогикалық дуэт» байқауының жеңімпаздарына Республикалық «Білімді ел – Образованная страна» газетіне жазылуға сыйлық сертификаттарын табыс етті.

«Педагогикалық дуэт» байқауының жеңімпаздары:

I дәрежелі Диплом:

– Ережепова Алтынай Тұрарқызы, Ногурбекова Жанар Бакуқызы, «№ 25 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ.

 II дәрежелі Диплом:

– Ильясова Ақмарал Шатиковна, Кайыркенова Адия Ериковна, «№2 Бескөл орта мектебі» КММ;

– Кудрявцева Ирина Александровна, Алимбаева Бибигуль Кабеновна, Омск қаласының БОУ «№53 жалпы орта білім беру мектебі».

 III дәрежелі Диплом

– Жиентаева Зауреш Кошегалдиновна, Нұрбек Ғайса, «әл-Фараби мектеп-лицейі» КММ;

– Маханбетова Дана Құнанбайқызы, Ысқақов Тілеген Жанботайұлы. «№2 Саумакөл мектеп-гимназиясы» КММ.

 Жеңімпаздарды құттықтаймыз және кәсіби жеңістер тілейміз!

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар