Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтында 2023 жылдың 14 және 25 тамыз аралығында «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары аяқталды.
Курс жетекшісі, тренер, Валиева Майраның тобында дәріс алған Мусаев Өркеннің пікірімен бөлісеміз: «Білім беру ұйымдарындағы тәлімгер қызметінің ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері» тақырыбында өткен курста кәсіби біліктілігімізді шыңдауға мүмкіндік алдық. Тәлімгер – жас ұстаз бағбаны. Біз курс барысында өзімізге қажетті, көптеген жаңа ақпараттар мен жас ұстазға тәлімгерлік ету жұмысындағы әдеп пен әдетті, жұмыс барысын, жас ұстазбен жұмыс жасаудың ерекшеліктерімен таныстық. Курс барысында жинақтаған қажетті ақпараттар мен мәліметтерді, оқу сапасын арттыруға ықпалы мол әдіс-тәсілдерді өз тәжірибемізге қолданатын боламыз. Осындай маңызды курс ұйымдастырған орталықтың әкімшілігіне, оқытушыларына алғысымыз шексіз!»



