Тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту курсы

Жетісу облысы, Панфилов ауданы, облыстық №4 арнайы мектеп-интернатында Өрлеу Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Қарсыбаева Арай арнайы білім беру ұйымдарының мамандарына арналған «Арнайы білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие және түзету процесін ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізіп жатыр. Оқыту 2023 жылдың 11 қыркүйегінен 22 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Курс бағдарламасы тыңдаушылардың отандық және шетелдік тәжірибелер негізінде арнайы білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыруға, кәсіби-тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар