2023 жылғы 5 сәуірде Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша «Тәуекелдерді ішкі бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің рөлі мен орны» тақырыбында семинар-кеңес ұйымдастырды.
Аталған іс-шара «Өрлеу» БАҰО» АҚ-да «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік негізгі бағытын (№4 ҮНБ) іске асыру шеңберінде өткізілді.
Семинар-кеңес барысында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Құқықтық және әкімшілік-кадрлық жұмыс департаментінің маманы-заңгері С.Е.Сакенов «Тәуекелдерді ішкі бақылау жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің рөлі мен орны» тақырыбында презентация жасады.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ жұмыскерлеріне презентация жасау барысында жобалық басқарудың негіздері, оны енгізу мақсаты мен себептері туралы мәселелер қозғалды, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы комплаенс институты туралы ақпарат жеткізілді. Сондай-ақ, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік негізгі бағытын (№4 ҮНБ) іске асыру өзектілігіне, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ жүзеге асырылатын жоба шеңберінде міндеттердің сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударылды.

Семинар-кеңеске қатысушылар үшін құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің (бағдарламаның комплаенсі) негізгі базалық элементтері (құралдары) ұсынылды, атап айтқанда:
– Тәуекелдерді бағалау және алаяқтық пен сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдер матрицасын (тәуекелдер картасын) құру;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және әдеп мәселелері бойынша жаңа ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу немесе қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіру;
– Жұмыскерлерге арналған оқыту мен тренингтерге сараланған тәсіл қолдану;
– Ұжымда қызметкерлермен тиімді қарым-қатынас жасау;
– Жүгіну үшін жедел желі және кері байланыс арналары;
– Комплаенс мәдениетінің деңгейін үнемі бақылау және талдау.

Іс-шара соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасы А.З.Мухаметжанова ұжымға қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтау қажеттілігі туралы үндеу жолдады, сондай-ақ «Өрлеу» БАҰО» АҚ сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділік қағидатын ұстанатынын атап өтті.