Төтенше жағдайлар бойынша жаттығулар өтті

Бүгін, Өрлеу Республикалық кәсіптік даму институтының қызметкерлері үшін Алматы қаласы Әуезов ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы  азаматтық қорғау майоры Дәренұлы Рауан және азаматтық қорғау аға лейтенанты Байлеов Исламбек басшылығымен төтенше жағдайлар бойынша оқу-жаттығулары өтті.

Мемлекеттік кәсіпорында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мен табиғи және техногендік жағдайлар қаупі жағдайында жұмыскерлердің іс-әрекеттері бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Жиналыс барысында Басқарма өкілдері жиналысқа қатысушыларды сақтық шараларын сақтауға шақырып, өрт қауіпсіздігі талаптары туралы жадынамаларын таратты.

Айта кетсек, төтенше жағдайлар бойынша жаттығулар ай сайын өткізіледі. Мақсаты – теориялық және практикалық білімді түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс атқару болып табылады.

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар