Физикадан пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары

Педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыруға бағытталған «Физикадан пәндік олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбындағы семинарда облысымыздың физика пәні мұғалімдері бас қосты.

Семинар жетекшісі Ақмарал Изтлеуова мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру жолдарына тоқталып, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру тәсілдерін атап көрсетті. Семинар спикерлері М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының мұғалімі, халықаралық олимпиаданың жүлдегері -Сабыржан Жилгельдин; Ақбөбек халықаралық мектебінің мұғалімі – Камшат Сагынова; №53 орта мектебінің физика пәні мұғалім – Акбота Узакбаевалар қатысушылардың назарын пәнді оқыту әдістемесіне аударып, оқушылардың ғылыми-техникалық тұрғыдан дамуына және оқушыларды олимпиадаға дайындауда қажетті ресурстарға шолу жасап, қиындығы жоғарылатылған есептерді шығару жолдарының әдіс-тәсілдерін қарастырды. Облыстық семинарда педагогтар өз біліктіліктерін арттырып, сұрақтар қойып, «Физика» пәні бойынша оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдарын бірлесе талқылады

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар