Физика пәнін оқытуда – ЖАҢА ДЕҢГЕЙ!

📘 Өрлеу Алматыда физика пәні мұғалімдеріне арналған «Пәнаралық интеграция негізінде физика пәнін тәжірибеге бағыттап оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтіп жатыр!

🎯 Курс мақсаты:
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және физиканы тәжірибеге бағыттап оқытудың заманауи әдістерін меңгеру арқылы мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

📍 Оқыту мазмұны:
• Тәжірибеге бағытталған әдістер
• Пәндік және әдістемелік құзыреттілікті арттыру
• Халықаралық зерттеулер мен стандарттарға негізделген

🧩 Курс ерекшеліктері:
• Пәнаралық интеграция: физиканы математика, информатика, биология, химиямен байланыстыра оқыту;
• Практикалық бағыттылық: тәжірибелік сабақтар, зертханалық жұмыстар, STEM-жобалар;
• Цифрлық технологиялар: Stellarium, интерактивті тапсырмалар, жасанды интеллект құралдары;
• Lesson Study және Action Research әдістері арқылы тәжірибені зерттеу.

💡 Бұл курс – білім алушылардың білімін тереңдетуге, ғылыми ойлауды дамыту мен оқытудың сапасын арттыруға бағытталған. Қатысушылар өз тәжірибесіне жаңа серпін алып, кәсіби дағдыларын тереңдетуге мүмкіндік алады.

Курс №141 мектеп базасында өтуде
Курс жетекшісі Өрлеу Алматы қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Жақсым Орынбек

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Наши филиалы

OUR BRANCHES

Біздің филиалдар